Көрерменге таяуда ғана жол тартқан «Капитан Марвел» лентасы, белшесінен пайдаға батуда! Фантастикалық картина өзіне жұмсалған қаражатты, бір-ақ уик-эндте жинай алды.
«Marvel» киностудиясының қаһарман әйел кейіпкерге арналған тұңғыш толықметрлі туындысы, бір ғана АҚШ-та 132 млн доллар кіріс көрген. Өзге елдерден қоржынын 302 млн-ға толтырған лента, прокаттағы алғашқы апталық табысымен рекорд орнатқан фильмдердің үштігіне енді.