Димаштан хит күтіп жүр...

Сообщить о проблеме с эфиром

Димаш көктем мезгілінде кезекті клипінің тұсауын кесті. «Бірақ, әрбір әнді жүректерге жеткізіп шырқаса да, Құдайбергеновтің шығармашылығында бір әттеген-ай бар», - деседі әріптестері. Олардың ойынша, әлем таныған қазақ баласының репертуарында хит туынды жоқтың қасы!

Димаштың нәзік жандылардың төл мерекесінде тұсауын кескен туындысы – «Аққуым» деп аталады. Лирикалық әнге таспаланған видеоның сюжетінде – екі жастың кіршіксіз сезімі суреттелген. Бірақ тума талант тынбай тер төксе де, отандық әртістерді Құдайбергеновтің репертуарында авторлық хиттің жоқтығы қынжылтады.

Әли Оқапов, әнші:

-Димаш дегенде, біз біріншіден Димаштың өзін және оның даусын, көз алдымызға аламыз. Ал Димаш, осындай ән дейтіндей өкінішке орай бірде-бір ән шықпаған. Ол енді ақиқат, ол – шындық! Бірнеше бейнебаяндары бар екенін білемін. Қаншама концерттерді бергенін білемін. Бірақ, Димаш – әлемдік әндердің каверін орындаудан өз тыңдармандарын тапқан немесе жаулаған әнші. Менің ойымша әрбір әншіге хит керек!

Әлидің айтқанымен өнердегі аға-әпкелері келісе қоймайды. Музыка майталмандарының пайымдауынша, Димаш шырқаған әрбір шығарма өзіндік ерекшелігімен тыңдармандар жүрегін жаулап үлгерген.

Майра Ілиясова, әнші:

-Оның барлық әні хит. Мен келіспеймін. Бізде «хит» деп арзанқол әндерді хит қылып алған ғой. Бүгін «ымба-ымба» дейді. Таңертең ол хит болып шығады. «Дайдидауды» төрт жасар балаға дейін айтады және бәрі Димаш сияқты айтуға тырысады.

Ринат Гайсин, композитор:

-Димаштың әр орындаған әндері, өзінің жеке авторлық әндері болсын немесе каверлері болсын – бір жаңалық болып шығады. Димаштың ерекшелігі сол. Ол әр әнге фишкаларды қосады, әр әннің структурасын өзгертеді. Сол үшін Димаштың басқа әншілерден айырмашылығы көп!

Дәл қазір Димаш дүниежүзілік турнесіне қызу дайындық үстінде. Қазақ баласының кезекті концерті, 22-ші және 23-ші наурыз күндері Мәскеудің «Кремль» сарайында өтеді.