Аналарға тосын қоңырау!

Сообщить о проблеме с эфиром

Анаңызға тосыннан телефон соғып, жылы сөзді жаудырсаңыз, қандай әсерде болатынын білесіз бе? Біз бұл экспериментті жұлдыздар арқылы жасап көрдік. Сонымен, әртістерге әлемнің жарығын сыйлаған жандар, күтпеген қоңырауды қалай қабылдады?

Алғашқылардың бірі болып анасына қоңырау шалған – «Асылдық» ару Ақерке Бүркітбай.

Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:

-Не бүлдірдің дейтін шығар.

- Алло, мама!

  • Иә, иә!
  • Мен сізді қатты жақсы көремін.
  • С чего это...?
  • Мен сізді қатты жақсы көремін. Соны қазір айтқым келіп тұр.
  • Ааа, ладно, ладно!

Алтынай Жорабаеваға жарық дүниені сыйлаған жан да, қызының әр қоңырауын тағатсыздана күтіп отыратынын аңғарттты.

Алтынай Жорабаева, әнші:

– Анашым?

– Ау, жарығым?!

– Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін!

– Жаным, дауысыңды мен сағынып отырмын. Анашым деген даусыңнан айналдым!

Серік Ибрагимовтің қарт анасы, Алатау баурайындағы ұлының ойда-жоқта қоңырау соғып, жылы сөзді жаударады деп еш ойламаған секілді.

Серік Ибрагимов, әнші:

– Анашым?!

– А?

– Мен сізді қатты жақсы көремін деймін...

– А?

– Мен сізді қатты жақсы көремін!

– Не істеп жатырсың? Алматыдасың ба?

– Иә! Анашым деймін, Мен сізді қатты жақсы көремін деймін...

– Аа, мен де сені қатты жақсы көремін, жаным!

– Жәннатым, аман болыңыздар. Ауырмаңыздар!

Анасына тосынан телефон соққандардың тізімінде Серіктің аттасы да бар. Гамза-задені анасы әбден тығырыққа тіреді.

Серік Гамза-заде, әнші:

  • (байланыс аясынан тыс жерде...)
  • Қазір папаға звондаймын.

Екінші мәрте көрейік...

Серік Гамза-заде, әнші:

-Не болды бәріне. Бала керек емес-ау деймін

– Алло

– Алло, мама! Қалайсыз?

– Аа, жақсы!

– Не істеп жатырсыз?

– «Банядан» шықтым.

– Мама, мен сіздік жақсы көремін.

– А?

– Мен сізді жақсы көремін.

– Не дейді?

– Мен сізді жақсы көремін.

– Не берем дейсің?

– Мен сізді жақсы көремін деймін...