Керменбаевтың шектен шықпауға шақырған бұл сөздерін шетелдік өнерлі бикештер, құлағына да ілуге құлықсыз! Мәселен, Кендалл Дженердің күні кеше «Оскар» патиына киген көйлегі керісінше, жанкүйерлеріне ұнап жатқандай.
«Forbes» паймымен ең табысты сәнбике саналатын Кендал Дженер, асқан дәулеті ғана емес, ерек образымен де ел есінде қалғысы келгендей. «Vanity Fair-ге» іш киімсіз келген сұлу, жігіттермен қоса нәзік жандылардың да назарын еріксіз аударта алды. Ал, бикештің өз парақшасына жүктеген аталмыш кештің естелік суреті – жарты тәулікте 4 млн лайк пен 30 мың пікір жинап үлгерген.
Алайда, Кендал «Оскар» тарихында ашық көйлегімен таңқалдырған жалғыз жұлдыз емес. 2015 жылы Ирина Шейк пен Рита Ора екеуі ұқсас үлгімен, жұрттың қызу талқысына түсті.
Қызыл кілемде кеудесін көрсетіп, көзге ілінгісі келген арулар да жетерлік! Мәселен, бұл тізімде Дженифир Лопес, Гвинет Пэлтроу, Шэрон Стоун мен Памела Андерсон көш бастайды!
Осы мәртебелі төсеніштің үстімен ашық-шашық шеру тарту дәстүрі, тек соңғы уақытта белең алды десеңіз қателесіз. Себебі, бұл үрдісті ең бірінші болып 1969 жылы Барбара Стрейзанд енгізген еді.