«Жалаңаш» Луина жауап қатты!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жүргізушісің бе, әлде жеңіл жүрісті қызсың ба?». Оқырмандар осы сынды пікірлерін әнші Луинаға қарша боратуда! Халыққа оның су жаңа фотосессиясы жақпай қалған. Алайда, көпшіліктің қарсылығына қарамастан, өнер өкілі жалаңаштана суретке түсуден жалықпақ емес.

Суретке түсу – Луинаның сүйікті ісі. Сондықтан әнші, мейлі қандай образ болсын, фотоссесиялардан бас тартпайды.

Луина, әнші:

-Меніңше таңқалатын түгі жоқ. Біз өнер адамымыз, өз образымызды ойдағыдай алып шығу міндет. Мәселен, «Максим» сынды журналдарға жалаңаштанып суретке түсуге де болады. Себебі, ол басылымның талабы. Әр фотоссесияның өз тақырыбы болады дегендей.

Айнұр Ілиясова да фотоссесияны – өнердің бір саласы ретінде қабылдауға шақырады. Актрисаның да, жүкті кезінде арнайы суреттерге түсемін деп халықтың әбден сөзіне қалғаны бар.

Айнұр Ілиясова, актриса:

-Сондықтан да қазіргі сәтті суретке түсіріп алу меніңше жаман нәрсе емес. Иә егер мысалы үшін сенің ортаң оған дайын болса, неге жаңағы инстаграмға салмасқа. *өзіңді басқа жағынан көрсетіп жаңағыдай ашық түрде сурет салсаң әрине ол біраз шуға әкеледі.

Фотодағы ерек образдарымен елді елең еткізе білетін нәзік жандылардың қатары мұнымен шектелмейді. Мәдина Сәдуақасова, Гүлнәз Жоланова, Ерке Есмахан да, жартылай жалаңаш суреттерімен желідегілерді бірәз шулатқан.

Арулардың фотоға құмар әдетін құп көргенімен, Нұржан Керменбаевтың образ үшін шешінуге даяр әріптестеріне айтары мынау:

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Ең бастысы шектен тыс шығып кетпеу керек. Ол фотосессия болсын, ол видео болсын, ол жалпы өнер болсын. Ең бастысы меніңше шектен тыс шықпау керек. Менің жалпы ұстанымым өмірдегі сол.