Тәубесіне келген Оффсет!

Сообщить о проблеме с эфиром

Aтышулы хип-хоп орындаушы Карди Бидің күйеуі, алғаш рет ашылып сұхбат берді. Оффсет бар шындықты жасырмай, асыл жарымен ажыраспас үшін талай қиындықты өткергенін айтады. Тіпті, терезеден секіруге де тура келді дейді ол.

Карди Би мен Оффсеттің таныстығы 2016 жылдан басталған. Кейіннен қос рэпер көңіл жарастырып, отау құрды. Көп ұзамай хип-хоп орындаушылардың үйінен іңгәләған сәбидің үні де естілді. Бұл жағымды жаңалықты Карди Би инстаграмда бірінші жариялап, сүйінші сұраған еді.

Дегенмен, арада бір ай өтпестен атышулы ару күйеуімен ажырасатынын жеткізді. Уақыт өте танымал жұп қайта қосылып, жұлдыздардың бұл әрекетін көпшілік тек пиар қадам деп топшылады. Бүгінде ағынан жарылып сұхбат берген Оффсеттің өзі болса, барлығын түсіндіріп беруге тырысты.

Offset, хип-хоп орындаушы:

-Сүйіктімді қайтару үшін, парашютпен терезеден секіру де аздық етеді. Кардиды кері қайтару оңай болған жоқ. Алайда, сүйіктісі үшін әрбір адам соңына дейін күресу керек деп ойладым. Әлеуметтік желі үшін ажырасты деген тіпті миға сыймайды.

Рэппердің сөзінше, ол бастан кешкен жағымсыз жағдай шығармашылығына кері әсерін де тигізген. Отбасылық түсініспеушіліктің салдарынан Оффсеттің «Father of 4» атты альбомы жарық көрмей қалыпты. Енді қателігімді түсіндім деген әнші, сүйіктісін алақанында аялап өтпек.

Offset, хип-хоп орындаушы:

-Карди өте еңбекқор адам. Сахнада қандай болса, өмірде де сондай. Қысқасы, өте керемет жан.