Отандық кей әншілер керісінше, бенебаянсыз-ақ тыңдарманның жүрегін жаулауда! Алматыда алғаш рет «Пост-драмалық фестиваль» өтті. Шарада қазақ «инди» музыкасының атынан өнер көсеткен жігіттер, көп ұзамай Ғалымжан Молданазарға бәсекелес атанатын түрі бар.
Теңеулерден тәуелсіз, шектеулерден еркін, жасандылықтан ада! Тек ана тілінде! Дәл осы тіркестерді ұран еткен қазақ инди музыкасының өкілдері Post-Dramalyq фестивальде бас қосты. Алматыда алғаш рет ұйымдастырылған шара үш күнін кино, музыка мен поэзия тақырыбына арнады.
Мақпал Жұмабай, ақын, музыкант:
-Бұл жерге ерекше ойлайтын, тәжірибелерге қорықпай баратын жастар жиналады. Ал, өнер батыл қадамдардан туады. Сондықтан да біз оны қолдауымыз керек, оның дамуына бар мүмкіндік жасауымыз керек.
Елімізде тұңғыш рет ақындық пен муызканы бір арнаға тоғыстырып, концептуалды кеш өткізген Мақпал бұл жолы тек мейман ретінде. Өнер иесінің көзі түскен жастардың бірі – Бексұлтан.
Jeltoksan, музыкант:
-Менің атым Бексұлтан. «Желтоқсан» деген алақап атпен айтамын негізінде, өлеңдерімді, әндерімді. «Желтоқсан» – көңіл-күйіммен, қалай атсам «мрачный», «суық» әндер жазамын, соған байланысты. Екіншіден, тәуелсіздіктің синонимі сияқты ғой «желтоқсан» деген сөз. Сондықтан, тәуелсіз музыка, тәуелсіз пікірлер, тәуелсіз ойлар...
Желтоқсан сынды, «Аршат» тобы да қазақ инди мәдениетінің туын көтеріп жүрген жайы бар. Ұжым бүгінде тек кішігірім алаңқайларда өнер көрсетуде.
«Arshat» тобы:
-Бұл жердегі жігіттердің әрқайысысының жеке-жеке творчествосы бар. Ал, дәл «Аршат бэнд» рок жанрында десек те болады. Инди-рок жанрында десек болады.
Әзірге аудиториясы ауқымды болмаса да, жаңаша бағытта ән салған жастар болашақта Қазақстанды шетелде танытуға ниетті!