«Оскар» марапатының жеңімпаздары!

Сообщить о проблеме с эфиром

Киносаласының маңызды марапаты – «Оскар» өз иелерін тапты! Смокинг киген арулар мен үстіне көйлек ілген жігіттер! Бұл жолы қызыл кілемнің қызықтары, шараның өзінен асып түспесе, кем соқпады. Сонымен, «ең ерекше образ» аталымына кім лайық?

Қызыл кілемдегі әсем образдардың көптігінен көз сүрінеді! Нәзік жандылар ғана емес, ерлер қауымы да шараға үлкен ыждаһаттылықпен дайындалған. Шырттай киінген Бредли Купер арнаулы жолақ бойымен ең жақын сұлуларымен бірге жүріп өтті. Екі жақты да ренжітпейін деді ме, актер шараға анасы мен жары Иринаны қоса ерте келген.

Есесіне, Купердің әріптесі Леди Гагаға жалғызсырауға тура келді. Өнер иесі қара түсті образын 128 каратты алмаз әшекеймен безендіріпті.

Гаганың ізін ала Джениффер Лопез, жүкті Рэйчел Вайс пен иммиджін аздап өзгерткен Шарлиз Тэрон бой көрсетті. Актрисаның, сары шаштарын қоңыр түске ауыстыруы көпшіліктің көзіне жат. Алайда, жаңа образ актрисаға сенімділік сыйлай түскендей!

Шерлиз Терон, актриса:

-Керемет көңіл күйдемін! Қазір асықпай орныма жайғасып, шарап ішемін!

Шарада әдеттегі әсемдіктен бас тартқан сұлулар да көп болды! Нәзік жандылар бұл жолы көйлектің орнына, бірауыздан келісе шалбар киіп келгендей.

«Оскардағы» «ең ерекше образ» аталымының иегері – сөзсіз Билли Портер. Актер қызыл кілемге «көйлекпен» келіп, көпшілікті таңқалтты! Өнер иесі, бұл қылығымен ел есінде қалды десек болады.