Биби Рекса нашақорлықтан емдейді

Сообщить о проблеме с эфиром

Биби Рекса болса, ішімдік пен нашақорлыққа құмар жандарды жөнге салмақ. Әнші қыз, дәл осы зиянды әдеттерге әуес жандарға арнап – су жаңа трек жарыққа шығарды.

Биби Рекса «Last Hurrah» әніне бейнебаян да таспалаған. Бикеш клипте періштенің образына еніп, жастардың түнгі өмірін суреттеген. Бибидің дәл осы әнін, жуырда жарық көретін кезекті альбомынан тыңдауға болады.

Биби Рекса өз кезінде Эминем, Рианна және Селена Гомес сынды орындаушылардың тректеріне авторлық еткен. Америкалық әнші Алиша Киз да, тыңдармандарын тың туындысымен қуантты. Соул жанрында өнер көрсететін бикеш «Raise A Man» трегіне бейнебаян түсірген. Әнші бұл хитімен жақындарына деген сүйішпеншілігін білдіргісі келгендей.

Жуырда өткен «Грэмми» марапатының жүргізушісі атанған Алиша, дәл осы музыка бәйгесінің 15 дүркін жеңімпазы. Ерекше дауыс иесі Холзи, Yungblud пен және Трэвис Баркермен бірігіп ортақ клип ұсынды. Бірлесе шырқаған музыканттар, «11 Minutes туындысына арналған видеода, ғашықтардың баянсыз махаббатын суреттейді. «Биллборд» чартында үздіктер тізімінен табылып жүрген Холзидің өзі, жаңа әнім көптің көңілінен шығады деген үмітте.