Рианнаның туған күні!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әр өнер көрсеткені үшін миллионд ап пайдаға кенелетін Рианнаны, «несие» тақырыбы мүлде қызықтырмаса керек. Айтпақшы, талайды табысымен таңқалдырған барбадостық ару – 31 жасқа толды! Өнерлі бикеш енді әншіліктен бөлек, баюдың жаңа жолын тапқан көрінді.

Небәрі 17-жасында ән әлемін бағындырамын деп, Нью-Йоркке бет алған Рианнаға сәттілік о бастан серік болғандай. Барбадостық сұлудың жарық көрген алғашқы жинағы – «Music of the Sun» бірден «Billboard» чартының көшін бастады. Жетістіктің дәмін ерте татқан өнерпаз, ізін ала көптеген табысты туындыларын тыңдарманына сыйлады.

Рианнаның «Good Girl Gone Bad» атты үшінші альбомындағы әсем әндері әлі де халық есінде. Себебі, ондағы «Umbrella», «Take a Bow», «Don't Stop the Music» сынды тректер лезде хитке айналған еді.

Одан бөлек, оның Jay-Z – мен бірлесе шырқаған «Umbrella» туындысы - «Грэмми» марапатының «ең үздік дуэт» аталымында жеңімпаз болды.

Бүгінге дейін өнерпаздың жүлде қоржынында – сегіз бірдей «Грэмми» және «World Music», «BRIT Awards», «Billboard» сынды мәртебелі марапаттар бар. Жемісті еңбектің жеңісі саналатын мүсіншелерімен қатар, Рианна адамзат тарихындағы ең табысты әртістер тізіміне де қосылды. 20 миллионан астам данамен саудаланған альбомы – соның дәледі.

Ерек дауысымен жанкүйерлерінің жүрегіне жол тапқан өнерпаз, соңғы уақытта өзін жаңа салада – әсемдік әлемінде сынап көруде. Ол нәзік жандыларға арналған іш киімдер топтамасын шығарып, бьюти-брендтің иесі атанды. Сондай-ақ, Рианна киноәлемде де ара-тұра көзге түсуде. Енді жұлдызды бикеш фильмдерге шақырту болса, бас тартпайтынын айтады.