Қарапайым қараша халық қана емес танымал тұлғалар да, «несиеге» жүгінуге мәжбүр! Мәселен, қиналғанда банк жағалаған Айқын, енді бұл қаржы орталығына борышкер болудан ат-тонын ала қашуда. Себебі, қарызды қайтару әншіге оңайға түспеген көрінеді.
Айқын, әнші:
-Құдай сақтасын. Кредит деген қиын нәрсе негізі. Керекті нәрсеге алмаса кредитті. Мысалы мен алғаш үйімді алғанда, кредит 20 мың доллар жетпей тұрды да. Сол 20 мың долларды, мен кредитқа алғанмын.
Айқын екінші үйін де дәл осылай, үлкен пайызбен несиеге алған екен. «Алайда, белгілі бір жерде қызмет етпеген соң, өнер иелеріне банк қалайша қомақты қаржыны ұстата салды» - деген, сауал еріксіз пайда болады. Бұған жұлдыздардың берер жауабы мынау:
Айқын, әнші:
-«Пенсионный» бар менде, «ИП» бар. Әр ай сайын бухгалтерге өткізіп салады. Біз «налоговыйға» өткізіп салады. Мен мысалы былтыр, 300 мың тг-дей «налог» төледім бір жылға. Сондықтан біз налог төлеп тұрамыз. «ИП-мыз» да бар, «пенсионный отчисления» да бар.
Олжас Абай, актер, әнші:
-Менің өзімнің «ИП-ым» бар ғой. Кішігірім компаниямын деп есептеймін өзімді. Сол компаниядан пенсионкаға өзіміз құйып отырамыз.
Әнші Дастан Оразбеков те қарызын қайтара алмай, біраз қиналған сыңайлы. Сондықтан өнер иесі, жұртты «несиеге» барынша жақын болмауға шақырды.
Дастан Оразбеков, әнші:
-Енді кредит керек болса алыңыздар, керек болмаса алмаңыздар. Мүмкіншілігінше. Енді ол үкімет тарапынан банктерден жеңілдік қой. Өйткені өзіне сенген азамат кредит алуға болады. Сенбесеңіз алмаңыз. Өйткені ол шынымен оңай емес. Қиын.
Танымалдардың бұл кеңесі жанкүйерлерінің құлағына жетеді деген үміттеміз. Себебі, қалталы жұлдыздармен салыстырғанда, қарапайым халыққа «несиені» өтеу қиынырақ соғары жасырын емес.