Алагөзова «Тағдыр бекетінің» кассалық табысына дән риза. Ал жақында үлкен экрандарға жол тартқан «Алита: Жуынгер періште» фильмінің алғашқы қаржылай пайдасы, жоба авторларының көңілінен шықпаған.
Джеймс Кэмеронның, режиссер Роберт Родиргеске сеніп тапсырған фантастикалық картинасы, америкалық прокатта небәрі 27 млн көк қағазға кенелген. Киногерлер бұл туындыны, 170 млн АҚШ долларына таспалаған еді. Картина өзге мемлекеттерден әзірге 94 млн-нан аса кіріс әкеліпті.
«Алита: Жауынгер періште» фильмі, 300 жылдан кейінгі болашақта болған шытырман оқиғаны суреттейді. Идо есімді доктор, соғыстан кейін роботтың қалдықтарын тауып алып, қайта жасап, кеудесіне жан бітірмек.