Әнші Мэри Джей Блайдж да, киносаласына кетуге қарсы емес! Өнерпазға «Ферма «Мадбаунд» картинасына түсіп, «Оскарға» үміткер атану майдай жақса керек. Актриса өзі төбе көрсеткен тағы бір туындының тұсауын кесті.
Көрерменге жол тартқан су жаңа «Амбрелла Академиясы» - комикстің желісімен таспаланған телехикая. Онда, суперқаһармандық қасиетке ие түгелдей бір отбасының оқиғасы баяндалады.
Мэри Джей Блайджға лентада жауыз кейіпкер Ча-чаның образы бұйырған. Аталмыш рөлге, өнер иесі ұзақ дайындалған көрінеді.
Мэри Джей Блайдж, әнші, актриса:
-Ча-ча рөліне үлкен жауапкершілікпен қарадым. Адамдар лентадағы ойынымды көріп, мен де жақсы актриса бола алатыныма көз жеткізсе екен дедім.
Осылайша, киносаласына кірісетінін айтқан әйгілі әнші, түрлі ұсыныстар түсіп жатса, бас тартпаймын деп отыр. Мэри, комикстер негізінде таспаланған «Амбрелла Академиясы» картинасынан кейін, «Марвелден» шақырту күтетінін жасырмайды.
Мэри Джей Блайдж, әнші, актриса:
-Актерлық қабілетімді байқаған «Марвелдық» киногерлер, мені де суперқаһарман қылады деген үміттемін.