Сиви Махмудидің ел білмейтін бизнесі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сивиді көпшілік көк жәшіктен көргенімен, әншінің табысы өнер жолынан емес. Ауқатты әулеттің ерке қызы үшін шоу-бизнес – көп хоббидің бірі ғана. Ал, ән жазу мен клип түсіруге жұмсалған қаржы қайдан келеді? Махмуттың қызы өзінің кіріс көзі жайлы ашып айтты.

Шығармашылыққа кететін шығынды өтейтін табыс көзі – Сивидің жеке мейрамханасы екен. Махмуди өнерден қол үзсе, айналысар кәсібім бар дейді. Өйткені, аталған бизнеске өзі би, өзі қожа! Тәжірибесі де жеткілікті.

Сиви Махмуди, әнші:

-Ресторан бизнесін басқару – менің қолымнан келеді де енді. Білмеймін соны жүргізген қатты ұнайды. Сағынып, депрессияға кіріп, жылаған күндер де болды шыны керек. Өйткені, өнерден бөлек бұл бизнеске де үйреніп қалыппын. Үш жылдан асты ғой.

Ағасымен ән салған Заңғар да болашақ бизнесмен. Әнге деген құштарлық, оның тек хоббиі ғана екен.

Заңғар Нұртас, Қ. Нұртастың інісі:

- Өнер саласы – менің басты мақсатым емес. Менің басқа да жұмыстарым бар. Адам барлық салада өзін көру керек. Негізі қазір сұраныс жоқ. Бірақ алдағы уақытта көре жатармыз.

Айдарбековтер әулетінің кенжесі Пекинде 5 жыл білім алған. Мамандығы – «логист-инженер». Бизнеске бейімі бар жігіт, келешекте табысты кәсіпкерлердің тізімін толықтырса, таң қалмаңыз!

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

-Көбісі ойлайды, Қайрат ашып беріп жатқан шығар деп. Қайрат бүйтіп жатқан шығар деп. Бірақ таң қаламын мен өзім. Өздері тірнектеп жинап, өздері ашып жатады.

Соңғы жылдары көк жәшікте көрерменнің көзайымына айналған Жұлдыз Әбдікәрімова да мансапты биік қойған емес. Қайрат жұбайының үйде отыруын қаласа, ол тап қазір телевизиямен қоштасуға тас-түйін дайын.

Жұлдыз Әбдікәрімова, Қ.Нұртастың жұбайы, актриса:

-Ары қарай жұмыс істеймін бе, істемеймін бе, диктор боламын ба, жоқ жүргізуші боламын ба, кім болып ары қарай жұмыс істеймін, ол білгісіз болып тұр. Бұл Қайратпен ақылдасатын, отбасымызбен ақылдасатын дүние.