Ким Кардашьян мен Канье Уэст, балаларын өнерге баулып жүр. Сәнбике мен рэпердің тұңғыш қызы Норт, әкесімен бірге ән салады екен. Жұлдызды жұп ханшайымдарын енді сахнаға шығармақ па?
Канье Уэст пен Ким Кардашьянның қызы небәрі 5 жаста болса да, талантымен жақындарын тәнті еткен. Норт тіпті, әкесінің тректерін жатқа айтатын көрінеді. Рэпер ханшаймының өнерге деген қызығушылығын көріп, оны қолдайтынын жеткізді. Канье Уэст енді, өзінің гастрольдік сапарларына да балапынын бірге ертіп жүрмек.
Дженнифер Лоуренс қалыңдық атанды. Актрисаның сүйіктісі 34 жастағы Кук Марони. Серімен жарты жылдан бері көңіл қосқан Лоуренс, тұрмысқа шығуға келісімін де берген. Алайда қос ғашық, отау құру салтанатын қашан өткізетінін әзірге құпия ұстап отыр.
Бруклин Бекхэм де үйленуге асығып жүргендей. Әйгілі футболшының ұлы, сүйіктісі Хана Кросты, ата-анасымен таныстырып үлгеріпті. Сән әлеміне енді ғана қадам басқан Хананы Бэкхемнің мұрагерімен таныстырған, Бруклиннің әпкесі екен. Бірден жұбы жарасқан ғашықтар, күні кеше Лондонда өткен «GQ Car Awards» марапатына қол ұстасып, бірге келді.