Ерлер де көйлік киюге көшті ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Хейли Бибердей болмасақ та, біз де көйлек кигіміз келеді! Нью-Йорктегі ерлерге арналған сән апталығының шымылдығын түрген шеберлер, дәл осындай бастама көтерді! Гендерлік теңдік тақырыбына тоқталған топтамада, жігіттерге арналған белдемшелер мен нәзік образдар жетерлік.

Бүрмелі көйлек, кең етек! Сахнадағы бұл үлгілер қай арудың болса да, көзінің жауын алары сөзсіз. Алайда, туынды авторының пікірінше, топтамадағы дүниелерді нәзік жандылар емес, жігіттер қауымы киюге лайықтырақ екен. Осылайша, тың бастама көтерген «Palomo Spain» брендінің креативті дизайнері, ел естімеген жаңашылдық ұсынды.

Аталмыш топтаманы әзірлеуде Александро Гомез ұзақ тер төккен көрінеді. Шебер шалқар шабытты Дягилевтің «Орыс балеті» мен 20-шы ғасырдағы Испанияның ауылдық атмосферасынан тапқандай.

Алекснадро Гомез, дизайнер:

-Біздің бренд ерлерге еркіндік сыйлайды. Бұрындары біз күнделікті өмірде, әсем матадан әр түрлі пішімдегі киімдерді кие алмайтынбыз. Енді, су жаңа үлгілер арқылы жігіттер де әйелдер сынды стильді, сымбатты бола алады.

Фэшн кеште «Біз де көйлек кигіміз келеді» деп, жан айқайын жеткізген жалғыз Александр болмады. «Василис Лоизидэс» брендінің модель жігіттері тақалы туфлимен көзге түсті.

Василис Лоизидэс, дизайнер:

- Бұл қоғамдағы жиі талқыланатын тақырып. Ерлер мен әйелдер арасында гендерлік теңдік орнауы тиіс. Себебі, жігіттердің басым бөлігі, елдің сөзіннен қорыққандықтан, өз қалауын іште сақтауы тиіс.

Алайда қуанышқа орай, айды аспанға бірақ шығарған шеберлер арасынан, ескілікті құп көретіндер де табылды. Мәселен, Дэвид Харт үлгілерім баяғы «Бэкстрид бойзды» тыңдап өскен нағыз жігіттерге арналады дейді.