Атышулы ағылшындық чемпион Энтони Джошуа, әлі жеңіліп көрмеген америкалық Джарелл Миллермен қолғап түйістірмек.
Қос елдің бокс мектебі – өзара ғасырға жуық бәскелес екені белгілі. Енді заманауи кәсіпқой рингтің айтулы екі алыбы айқасқа шықса, ұлы шоудың болатыны айдан анық. Ұйымдастырушылар Англия мен АҚШ жанкүйерлері-ақ билеттерді тып-типыл етіп талап әкетеді деп болжап отыр.
Мұндай елдің қызығушылығы қос спортшының командасы үшін миллионаған табысқа кепілдік бермек. Джошуа мен Миллердің жекпе-жегі, 1-маусым күні Нью-Йорк қаласында өтеді деп жоспарлануда. Келісішартқа таяу күндері қол қойылмақ!