«Аруназ» сән үйі Миланға неге барды?

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Отандық «Аруназ» брендінің, әлемдік сән алпауыттарымен үзеңгілесе бір сахнаға шығар сәті қыр астында! Қазақстандық сән үйінің шебері күні кеше Италияға іссапар жасаған. Ол еуропадағы «жұлдызды» тұтынушыларымен тағы бір нәтижелі істі аяқтап қайтқанға ұқсайды. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Отандық сән саласында өз есімін қалыптастырған Назым Қарпықова, енді әлемдік сахнаны бағындыруға ниетті. Осы мақсатта дизайнер күні кеше танымал блогерлер мен инстаграм жұлдыздарын жанына серік етіп, Милан қаласына аттанды.

Назым Қарпықова, «ARUNAZ» сәнгер:

-Қазақстан дизайнерлерінің ішінен, мен өз өзімді таныстыруға бардым. Ол жабық көрсетілім болды. Ол жақтан итальяндық брэнд өкілдері менің инстаграм парақшамды көріпті. Сөйтіп оның бәрін қарап шығып, осы дизайнер бізге бір жабық көрсетілім көрсетіп, өзін-өзі таныстырса деген мақсатпен мені шақырды.

Сәті түссе шетелдегі фэшн-апталыққа да қатысамын деген Назымға, осыдан 5 жыл мұндай ой үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Декрет кезіндегі өзінің хоббиін брендтке айналдыра білген шебер, бүгінде талай жұлдыздың сүйікті дизайнері.

Назым Қарпықова, «ARUNAZ» сәнгер:

-Екі сағатта тіккен бір көйлегім бар. Мен Мадина Садуакасоваға тіктім екі сағатта. Себебі концерттің алдында, ол өзінің концері емес, басқа бір жобадағы концертке баратын кезде, онда стилисттер бар жұмыс істейтін, ол кісілер киім тігіпті. Бірақ ол киім ұнамай қалыпты.

Одан бөлек, «Аруназ» сән үйі Баян Мақсатқызымен бірігіп коллабарация ұсынған болатын. Бұл серіктестік көпке ұнағанын айтқан Назым, көктемде елімізде өтетін фэшн-апталыққа қызу дайындалуда.

Назым Қарпықова, «ARUNAZ» сәнгер:

-Трендке әрине қараймын. Тренд жасасам кейін соны бәрі қайталап шығады. Осы жолы аяқ киім, аксессуар бәрін өзім жасадым.

Еске салсақ, Назым осыдан бір жыл бұрын жұлдыздардың қатысуымен жеке үлгілерін таныстырған еді. Алайда, биылғы көрсетілімінде танымалдар төбе көрсетеді ме, жоқ па әзірге құпия. Тек жаңа топтамасына «Бақыт құсы қонған» деп айдар таққын белгілі болды.