Әлемдік режиссерлар ең айтулы марапат «Оскарға» әзірлігін бастап кеткен. Әйгілі салтанат қарсаңында, киногерлер дайындық ретінде, «Directors Guild of America» кешінде бас қосты.
71-жылдық тарихы бар «Режиссерлар гильдиясы» ең үздік киногерді анықтауға бағытталған. Бұл жолы, арнайы жүлдеге Альфонсо Куарон «Рома» лентасымен лайықты деп танылыпты. Еске салсақ, өнерпаз дәл осы туындысымен «Оскардың» 10 бірдей аталымы бойынша бақ сынауда.
Альфонсо Куарон, режиссер:
-Өмірде ғажайыптар бар десек, соның бірі осы сәт дер едім. Өткен жылы «Оскар» бас жүлдесін иемденген Гильермо Дел Тороның қолынан марапатты алу – үлкен бақыт. Бұл менің мансабымның бастамасы дер едім.