Моника Белучи мен Оливия Палермо, Париждегі фэшн көрсетілімінен кейін әлі де өз-өздеріне келе алмай жүр! Әйгілі «Диор» бренді бұл жолы сән шарасын цирк қойылымымен ұштастырды. Бұл перфоманс қонақтарға ұнағандай..
Christian Dior-дың кезекті көрсетілімі үшін – Роден мұражайы алдында арнайы цирк шатыры тігілді. Бұл кеште сәнбикелерге сахнаны акробаттармен бөлісуге тура келген еді. Осылайша, бір-бірімен мүлде ұштаспайтын қос өнер – ортақ арнаға тоғысып, үйлесімін таба түскендей.
Бұл таныстырылымды расымен шоуға айналдыру үшін, Лондондық патша балетінің хореографы Лина Йохансонның өзі ат салысқан. Диордың креативті директоры Мария Грация Кьюри, елді елең еткізу үшін осы идеяғы нар тәуекел еткенін айтады.
Мария Грация Кьюри, дизайнер:
-Меніңше, осындай серіктестік арқылы – адамдардың сәнге деген көзқарасын өзгертуге болады. Алайда, цирк те сән апталығы сияқты. Гастрольмен Милан немесе Парижге барып, қаладағы атомосфераны мүлде өзгертіп жібереді.
Су жаңа топтаманың да «цирк» тақырыбына сай әзірленгені байқалады. Сайқымазақтардың киімін еске алатын желбіреуік, бүрме көйлектер мен кең иықты жакеттер. Үлгілердегі бұл жаңашылдық – кештің жұлдызды меймандарына ұнағандай. Солардың бірі – Мария Грация Кьюриді қолдауға келген Моника Белучидің өзі болды