Сара Амангелді неге көзіне жас алды?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әрдайым сәнді киімдерімен көзге түсіп жүретін Сара Амангелді болса, 23-жасқа толды. Алайда, жақында ғана ауруханадан шыққан ол, туған күнін тойламауды жөн көріпті. Тіпті, сұхбат барысында дертін еске алған әнші көзіне жас алды...

Ота жасататынын желіге жариялаған Сара, жанкүйерлерін біраз уайымдатқан еді. Әнші аруға не болғанын білмей абдырап, ойын сан-саққа жүгірткен тыңдарманға, өнер иесінің өзі жауап берді.

Сара Амангелді, әнші:

-Кішкентай кезімнен бір проблемный ауруым бар еді өзімнің. Бірнәрсе болса ауырып қала берем, суықтап қалсам, тәтті жеп қойсам асқынып кететін ауру еді. Сондықтан да маманың өзі айтқан болатын, «сенің қиналғаныңды көргім келмейді» деген сияқты. Рахмет айтам мамаға, өйткені... няғылып кеттім ғой...

Осылайша, сезімге ерік берген әнші ару күні кеше 23-ке толған жайы бар. Өнер иесі атаулы күнді тек ет жақындарының жанында өткізуді жөн санапты.

Қолдаушым да, жанашырым да жанұям деген ол, өміріндегі ең бағалы сыйлықты да отбасы тарту еткенін еске алды.

Сара Амангелді, әнші:

-Ең бағалы зат туған күніме – машина болды. Қатты өзім сенбей. Он сегіз жасымнан бастап машина айдаймын. Жеті жасымда ауылда ағамның машинасын оталдырып, бүкіл ауылды айналып келгенмін ғой мен. Сондай да қызық оқиғалар бар.

Әншінің сөзінше, Сараның өнерге қадам басуы да – өз алдына қызықты оқиға. Кезінде, балалар байқауында жүргізуші болған ол, жеңімпаздардың жүлдесіне қызығып, әншілікке бет бұрған екен.

Сара Амангелді, әнші:

- «Мә, мына жақта деген ән айтып, телевизор алады екенғой. Мен де ән айтып көрсем ғой» деп. Онша былай күшті дауысым болған жоқ. Жаңағы менде тек телевизорды ұтып алу керек боп тұр да. Сосын айттым, мен негізі ән айта аламын деп, өзінше.

«Әнші атануыма теледидар себепкер болды» - деген Амангелді, енді тек музыкамен шектеліп қалмақ емес. Мәселен ол биыл, толықметражды картинада төбе көрсетіп, актерлық қырынан да танылуға ниетті