«Диор» сән үйінің тың топтамасы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Наоми Кэмпбелл, Роберт Паттинсон мен Кейт Мосс секілді жұлдыздар Парижде жүр! Олар Франция астанасында «Диор» сән үйінің жаңа топтамасының таныстырылымында бас қосқан еді. Әйгілі бренд әдеттегідей, ерек көрсетілімімен келген қонақтарын тағы таңқалдырды.

Әр көрсетілімін шоуға айналдыра білетін «Диордың» туындыларын, бұл жолы қозғалмалы жолақта қимылсыз тұрған серілер таныстырды. Дизайнер Ким Джонс, дәл осылайша қонақтар үлгілерді әбден көріп алсын дегендей. Ал, ерлерге арналған тың топтамада классикадан бастап, униформаға ұқсас киімдерді де байқауға болады.

Фэшн кеште, алдыңғы қатарда Наоми Кэмпбел, Роберт Паттисон, Кейт Мос пен Николай фон Бисмарк бастаған жұлдыздардың өзі отырды.

Бұл күні, «Диордың» экс-дизайнері Крис Ван Аш та топтамасын таныстырған еді! «Берлути» брендіне ауысқан ол, жаңа қызметінде жарқын түстер арқылы ел есінде қалғысы келгендей. Алайда, былғары смокингтер пен алқызыл түсті костюмерді кім сатып алары, әзірге белгісіз.

Ал, француздық актриса Катрин Денёв керісінше, кезінде өзі киген Yves Saint Laurent-дық образдарын сатылымға қойды! Аукционда әйгілі сән үйінің киімдері жетерлік. Мәселен, 130 үлгіден құралған коллекцияда 1960-шы жылы тігілген көйлектер де бар екен