Жуырда Қонаровамен жұмысын тоқтатқан Ян Хан атты рэпер, енді «НьюТон» тобының продюсерын айыптап отыр. Аталмыш ұжым жетекшісі, жас музыканттың авторлық тректерін еш ескертусіз өз атына аударып алған көрінеді. Ақиқат кімнің жағында? Қос тарапты Серікқазы Аязбаев тыңдап қайтты.
Бастапқыда Ян Хан «Ньютон» ұжымында ұзақ уақыт тер төгем деп топшылаған. Кейін продюсерымен сыйыса алмасын сезіп, жеке шығу жайлы ойын білдірген сәтте, топ жетекшісі қулығын іске асырып үлгеріпті.
Young Khan, рэпер:
-Қазіргі продюсері олардың менің рұқсатымсыз, кішкене адами тұрғыда төмен нәрсені көрсетті. Менің «Ньютон» тобына жазған өлеңдерімді, өз атына жазып алды ол жігіт.
Бүгінде «Ньютон» шырқайтын «Шимайла» әні - Ян Ханның еңбегінің жемісі екен.
Шәкіртінің еңбегін еншілеген жігітті де таптық. «Ньютон» тобының продюсеры Тимур, Ян Ханның тарапынан тағылған айыпты орынсыз деп отыр.
Тимур Бақтыбаев, «Newton» тобының продюсеры:
- Осы продюсерлық орталықта болған дүниенің барлығы, ол продюсерлік орталықта қалады. Ол мысалға өзі алып кетіп, басқа өлең жазып қоюы ды мүмкін. Сондықтан ол «Ньютонға» кедергі келтіреді.
Подюсерлық орталықтың бұл жігітке жасаған құйтырқы әрекеттері мұнымен шектелмейтін көрінеді.
Young Khan, рэпер:
-Мен осы жақында көрдім. «Шимайла» әнін жазған деп, басқа біреудің атын жазып қойған. Ал негізінде ол «Шимайла» әнінің қалай шыққанын мен және де сол аранжировканы жасаған жігіт біледі. Екеуміз отырып жасаған өлең.
Тимур Бақтыбаев, «Newton» тобының продюсеры:
- «Тырнақтың астынан кір іздегендей» болып отырмыз да. Тек қана Аян деп айта алмаймын. Бұл жерде «Ньютонның» барлығы өз үлесін қосты бұл «Шимайла» әніне.
Еңбегінің зая кеткенін түсінген Ян Хан, түбінде ақиқаттың жеңетініне сенімді.
Young Khan, рэпер:
-Сол нәрселерді білмей қалатындай істейді де, ал шындық бәрібір өзінікін алады.