Актер Киану Ривз, атыс-шабысқа толы су жаңа «Джон Уик» фильмімен үлкен экрандарға қайта оралмақ. Америкалық режиссер, әрі каскадер Чад Стахелский таспалаған туындының үшінші бөлімі, шытырман оқиғаларға толы болады деп күтілуде.
Алғаш 2014 жылы жарық көрген картина, бұзақылардан кек алуды көздейтін Джон есімді қарапайым жігіттің өмірін суреттейді. Сері, шарасыздықтан заң бұзушыларға қарсы жалғыз өзі ашық айқасқа түсіп, кейін арнайы агентке айналады. Джонның жаңа миссиясы - соғыс алаңына аттану.
Актер Киану Ривз, фильмде басты рөлді сомдап қана қоймай, продюссеры атанған. Криминалды триллер, 16 мамырдан бастап жарық көреді.