Джеймс Кэмерон «Алита» фильмін ұсынбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі киногер Джеймс Кэмерон да жанкүйерлеріне сапалы фильмдер ұсынудан жалығар емес! «Титаник» пен «Аватар» сынды туындыларды дүниеге әкелген режиссер, «Алита» атты картинасының тұсауын кеспек!

Тарихтағы ең табысты киногерлердің бірі – Джеймс Кэмеронның «Алита» картинасыy тағатсыздана тосып жүргендердің қарасы мол. Түсірілім ұжымы

су жаңа лентаны жарнамалау мақсатында, қиял-ғажайып ойын орталығын ашты. Көрерменге кинодағы ерекше атмосфераны сезіндіргіміз келді дейді олар.

Джон Гибсон, ойын орталығының авторы:

-Аталмыш фильм қалай ұзақ әрі үлкен жауапкершілікпен таспаланса, бұл орталықта дәл солай дайындалды. Осы жер арқылы, «Алита» да мен шынайы өмір ортасындағы шекараны бұзғымыз келді.

Джеймс Кэмерон талай табысты туындыларды таспалап жүрсе де, фантастиканың режиссерлық тізгінін Роберт Родригеске сеніп тапсырған еді. Майталман киногер бұл жолы тек продюсер әрі сценарий авторы ретінде ат салыспақ. «Алитадағы» оқиғалар жапондық комикс негізінде жазылған.

Чип Силиг, «Алита» фильмінің атқарушы продюсеры:

-«Алита» - өзге фантастикаларға мүлде ұқсамайды. Лентаны таспалауда бұрын-соңды болмаған, жаңа техникаларды қолдануға тырыстық.

Алайда, «Алита» мен «Аватардың» бір-біріне ұқсастығын айтып, Кэмеронның екі картинасын салыстырушылар көп.

Су жаңа фантастикадағы хикая 26-шы ғасырда өрбиді. Сюжет желісіне – Алита есімді киборг-қыздың бастан өткерген оқиғасы негізге алынған. Экшн мен шытырманға толы лентаны, отандық көрермен ақпанның 14-нен бастап тамашалай алмақ