«Киану Ривз секілді болмасаң да, ұқсап бақ» - дейді, Әли Оқапов. Әнші жігіт өзінің талантын енді кинода сынап жүр. Бір қызығы Әли, комедия жанрын емес, салмақты драманы таңдаған. Роза Рымбаеваның ұлы, актерлық шеберлігімен елді таңқалдыра ала ма?
Әли Оқапов, әнші:
-Тек қана сол көрермен үшін, қаржы үшін, ақша үшін және де танымалдылық үшін, біз шектелуіміз ол дұрыс емес. Сондықтан менің ойымша драма да болу керек, криминал да болу керек.
Әншілікпен қатар актерлық қабілетін де жетілдіріп жүрген Әли Оқапов - «Ана жүрегі» атты фильмінің басты кейіпкері. Арнайы кастингпен киноға келген өнерпаз, радиожүргізушінің рөлін сомдайды. Алайда салмақты толықметрлі туынды, музыкантқа қиын соғып жатса керек.
Әли Оқапов, әнші:
-Өте оңай емес, өйткені біріншіден, әрине сенің кестең, жалпы дұрыс тамақтану, дұрыс ұйықтау кез-келген басқа шаруалардың ысырып, шынымен де барлық өміріңді тек қана осы түсірілімге арнайсың.
Ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты баяндайтын драмалық лента, екі ағайындының өмірін суреттейді. Қос бауырды дүниеге әкелген жан ауыр дертке шалдығады. Оның аман қалуы үшін – жігіттер түрлі жанкештілікке бармақ. Өз рөлін мінсіз сомдап шығуды көздеген Оқапов, актерлықты қолға алған әншілерді әрдайым қолдайтынын айта кетті.
Әли Оқапов, әнші:
-Жалпы актерлер ойнау керек, әншілер ән айту керек деген сөзге кішкене келіспеймін. Мысалы кей-кезде шыны керек, музыканттың рөлін сомдау керек болса, немесе бишінің рөлін сомдау керек болса тіпті, музыканттар актерлерге қарағанда, кем болмайтын сияқты.
Дәл осы картинаның режиссеры Айдын Сахаманның, кино саласындағы толықметрлі алғашқы туындысы – «Той любой ценой» комедиясы еді. Жас маман енді өзін драмада байқап көрмек.
Айдын Сахаман, режиссёр:
-Әрине бұл фильм табыс әкелсе тамаша болар еді. Енді бүгінгі күнде бүкіл драмалардың бәрі, касса жинамай жатқан жоқ, олардың арасында жинап жатқандар да бар. Бірақ табыс әкеліп жатқан комедиялар болса да, біз тәуекелге барып драма түсіріп жатырмыз.
Талантты режиссердың кезекті туындысы, сәуір айынан бастап үлкен экрандарға жол тартады.