Меган Маркл, Қарақат Әбілдинаның жолын қуып, көп балалы ана атануға ниетті! Әзірге тұңғышын күтіп жүрген ақсүйектер әулетінің келіні, сәбиіне есім таңдауда көпшіліктен кеңес сұрады!
Нәрестесінің дүниеге келуіне аз уақыт қалса да, Меган Маркл қол қусырып үйде отырмақ емес. Актриса асыл жарын ертіп, патша әулетіндегі келіндік міндетін атқаруда. Ханшайым мен Гарри ханзада ақсүйектер жанұясы атынан Бе́ркенхед жастарымен жүздесіп қайтты.
Кездесуде танымал жұп, жергілікті тұрғындардан тұңғышына есім таңдауға қатысты кеңес сұрады. Гарри мен Меган да, көбінесе қыз баланың есіміне қызыққан көрінеді. Жанкүйерлері соған қарап, Елизавета патшайым кестетігер немересінің бесігін тербетер деп топшылауда.
Ал қарапайым халықпен басқосуға ханшайым ұқыптылықпен дайындалған сыңайлы. Меган бақилық болған енесі Диана сынды киінуге тырысқан. Еске салсақ, Маркл бұған дейін де Гарридің анасына деген құрметін сыртқы образымен бірнеше мәрте көрсеткен еді.