Қаламақысын өсірген әншілер

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаңа жыл қарсаңында қаламақыны қымбаттату жайлы қызу пікірталас басталды. Әншілердің бір тобы бұны қолдаса, екінші тарап ашкөздікке балап отыр. Тақырыпты Серікқазы Аязбаев тарқатады!

Жұрт тағатсыздана тосатын жаңа жылға санаулы күндер қалғанда, әншілер қауымының қаламақысы қымбаттап, олар әдеттегі бағаны екі есеге өсіреді. Бірақ, науқанда табысқа кенелуді көздеген танымалдардың, мұндай қадамға баруына сан түрлі себеп бар.

Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:

-Көп шапқыламау үшін қымбаттатуы мүмкін. Сұраныс бар болғаннан кейін - қымбаттатуы мүмкін. Өйткені шоу-бизнес деген осы. Бұл нарық. Нарықта кімде сұраныс бар, ол сұранысты тудыру – ол өз алдында бір бизнес екенін қазір байқап, біліп отырған жайымыз бар.

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

-Отандық әншілердің қалтасы қалыңдағанын өз басым қалаймын. Неге десеңіз Ресейден болсын, алыс-жақын шет елден келетін әншілер Атырау, Ақтау, Астана, Алматы, Шымкентті бөліп алады екен.

Бұл аға буынның айтқаны, інілердің пікірі болса тым бөлек. Қанағаттың қарын тойғызатынын түсінетіндер, жаңа жыл қарсаңында қаламақыны шарықтатқаннан гөрі, әдеттегі бағамен ән салуды жөн санайды.

Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» тобының әншісі:

-Жаңа жылдың қарсаңында, көбірек ақша тапқылары келетін шығар. Бірақ оны білу керек те. Бес саусақты аузыңа салғанымен, қанша қомағайланып жегенімен, мына кеңірдектен бұйырғаны ғана өтеді ғой.

Серік Ибрагимов, әнші:

-Болады ғой енді мерекелік іс-шаралар, банкеттер. Сондай кезде кішкене болсын көп ақша тауып қаламыз деп өсіретін шығар. Ол да дұрыс шығар. Бірақ енді мен өзіме жауап берейін. Өзім өсірген жоқпын.

Желтоқсанның 30 мен 31 күндері Төреғали Төреәліге тапсырыс беруші тарап 8 мың АҚШ-тың құнды қағазын жұмсаса, Ерке Есмахан мен Қайрат Нұртастың қаламақысы 10 мың долларға дейін қымбаттайды екен