Әлемге танымал сәнбике Белла Хадид болса, ана атануға асықпайды. Аруға қазіргі таңда – мансабы маңыздырақ. Зэ Уикендтің ғашығы сән әлеміндегі әрбір қадамын аңдап басады, себебі бәсекелес бикештер жетерлік.
Белла Хадид «Forbes-тің» сараптамасы бойынша табысты сәнбикелердің ондығына кіріп үлгерген. Сән ханшайымы атанған бикеш, жетістікке жету үшін тыңбай еңбек еткенін айтады. Алайда Белла әріптестерінен бұрын, сіңлісі Джиджимен басты бәсекелес көрінеді. Аққұба ару ерекшелу үшін, тіпті шашын қара түске бояйды екен.
Актер Уилл Смит, режиссер Гай Ричи ұсынған «Аладдин» фэнтезиінде Джинның кейіпіне енбек. Әйгілі «Диснейлік» туынды үшін, Смит өзінің имиджін де өзгертуден тайынбаған. Жұлдыз бұл жолы, ханзада атануды көздейтін ұрлықшы балаға көмектеседі. Аталмыш лента, 2019 жылдың мамыр айынан бастап үлкен экрандарда.
Жақында қалыңдық атанамын деп табынушыларын қуантқан Пэрис Хилтон, күйеужігітімен қарым-қатынасын үзген еді. Экс-ғашығы Крис Зилкамен қош айтысқан бикеш, неке сақинасын өзі сатып алған болып шықты. Бағасы 2 млн доллар тұратын жүзікті, әнші енді сатылымға қоймақ.