Бет әрлеуші, Ерке Есмаханның мінезін айтты

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерке Есмаханмен жұмыс істеу өте қиын! Дәл осылай деген жұлдызды визажист Санди Бексырға танымалдардың әдемі көріну жолындағы түрлі жанкештілігінің құпиясын ашып берді. Оның сөзінше, әртістердің бірі экспериментке жаны жақын болса, кейбірі мүлде тренд қумайтын көрінеді.

Аруларға арнап тағы бір сұлулық орталығын ашқан Санди Бексырғаның қолынан өтпеген жұлдыз кемде-кем. Тіпті, шебер дәл бүгін Сисискейчті әрлеу үшін Мәскеуге аттанғалы отыр.

Санди Бексырға, визажист:

-Өте сондай бір стандартты жақсы көреді. Мен қазақилығымды қосып, қасыңызды кішкене басқаша бояйық, шашыңызға шаш қосып, киіміңізді өзгертейік десем, мен эксклюзивпін, дүние жүзі сол үшін шақырады. 80-жылдардағы Сисикейч сол қалпында қалу керек дейді.

Сандидің сөзінше, қазақ эстрадасының төл «Сисикейчтері» де жетерлік.

Санди Бексырға, визажист:

-Мақпал Жүнісова. Өзін әлі солай сақтап қалған. Бетіне де ешқандай өзгеріс жасамайды. Өзінің табиғилығы. Ал, өзгеріске құмар Кәмшат Жолдыбаева. Кәмшатқа өте ризамын, себебі қандай макияж жасасаң да жарасып кетеді. Өйткені ол іштей дайын.

Алайда, тренд қуу тұрмақ, шебердің жұмысын жақтыртпай жататын жұлдыздар да кездеседі екен. Дәл сондай мінезді тұтынушылар көшін – Ерке Есмахан бастап тұр.

Санди Бексырға, визажист:

-Ең бірінші сенгенше, айнаға қарайды Ерке Есмахан. Қасын тексереді, мына жерім дұрыс емес деп. Оған мен ренжімеймін, ондай адамдардан үйренемін. Сол үшін Еркеге алғысым шекіз, ең қиын клиент Ерке болған.

Жұлдызды визажисттың жаңа жылдық кеште көзге түскісі келетін сұлуларға айтары бір. Келбетіңізге келгенде эксперименттен еш қорықпаңыз!