EQ жігіттері Ресей мен АҚШ-ты бағындырмақ

Сообщить о проблеме с эфиром

«Black Dail» тобынан кеткен «EQ-лік» жігіттер үшін келер жыл жемісті болатын секілді. Өйткені талантты өнерпаздар енді шетелді бағындырамыз деп құлшынып отыр. Ол үшін Еско мен Тико Ресей мен АҚШ-қа аттануға әзір.

Тыңдарманымен жүздесіп, фан-митинг өткізген «EQ» тобы, табынушыларына есеп беруді жөн көрген. Ұжым бес ай бұрын құрылса да, біраз белесті бағындырып үлгерген жігіттер, мұнымен тоқтамаймыз деп отыр.

EQ тобы:

-2019 жылы біз ресейлік блогер бар - Мари Сенн деген, сол бізге ұсыныс жасады. Алдағы уақытта сол кісімен коллаборация

болады. Ресей еліне барып өзіміздің өнерімізді көрсетеміз. Кью-поп деген не екенін көрсетуге дайынбыз өзге елдерге.

Кью-поптың бір пұшпағын илеген ұжым, сән әлеміне де өз үлесін қосып жүр. Танымал дизайнер Дина Қабдолланың бренд амбассадоры атанған жігіттер, Лос-Анджелеске сапарларын жоспарлап қойған. Мақсатттары – америкалық әншімен дуэт құру.

EQ тобы:

-Біздің стилистіміз бар Дина Кабдолла, ол өзі ұсыныс тастады. Америка елінің бір белгілі бір әртісі бар, сол адаммен коллаборация болуы мүмкін.

Өнерпаздар, әншіліктен тыс блогерлікті де қолға алмақ. Музыкалық мансабына дейін жеке парақшасын жүргізген Тиконың сөзінше, әртістің өмірі – видеоға таспалануы қажет. Ол табынушыларымен жақын болуға септегін тигізеді, дейді.

Tiko, EQ тобының мүшесі:

- Мен видео блокты 2015-те бастадым. Тастап кеткен себебім, уақыт жоқ. Уақыт тығыз. Себебі дайындық. Ән жазу, съемка, выступление әрі-бері жүріп қолым тимей жатыр. Бірақ алдағы уақытта жалғастырамын, күтіңіздер!