«Жыл хайпы - 2018»

Сообщить о проблеме с эфиром

Биыл «жылдың хайпына» Әуелбекова өзін лайық деп таныды. Жұбайы Арыстанмен ажырасқанын бір жарым жыл бойы жасырған әншінің, жеке өмірі жұрт арасында біраз талқыға түскен еді.

Соңғы он екі айда жеке өміріндегі өзгерістерімен жұрттың назарын өзіне жиі аударған Мөлдір Әуелбекова, биыл «Жыл хайпы» атағына дәмелі екенін жеткізді.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

-Мен өзім!

Алғашқыда атышулы әріптестерін тізбектеген Алтынай Жорабаева да, соңында өзін сол тізімге қосты.

Алтынай Жорабаева, әнші:

-Төреғали бар оның ішінде, Кәмшат бар... Өзім де бармын деп па ішінде.

Осы жылы тентектігімен талқыға түсіп, қылықтарымен халықтың қытығына тиген «Ұлы дала баласын» әріптестері «хайптың ханзадасына» балайды.

Серік Гамза-Заде, әнші:

-Менің ойым сол Төреғали Төреәлі. Халықты ең көп шулатқан. «Хайповать» еткен.

Шоу-бизнес өкілдері Төреғалидың танымалдылығынан кем түспейтін, атышулы тағы бір бикешті атады.

Кентал, әнші:

- Менің ойымша жылдың хайпы – Байзақова. Себебі ол ана атанды.

«Асыл» тобы:

-Байзақова шығар. Ол қазір не істесе де хайп болып кетті. Басқа хайптар ренжімесін енді осы.

Сондай-ақ, 2018-дің хайп шеруіне: ашық образымен сынға іліккен Кәмшат Жолдыбаева және інісімен ағылшын тілінде ән айтып, акценті біраз әңгіме болған Қайрат Нұртасты да көпшілік дәл осы қатарға қосуда.