Камера алдында сүрінген жұлдыздар

Сообщить о проблеме с эфиром

Камера алдында қобалжыған танымалдардың, талайына куә болған едік. Бірақ жалған ақпарат берген жұлдыздарды білесіз бе? Ал, дер кезінде өтірігін түзеген кім? Бүгін сұхбат сәтінде толқыған әртістерді топтастырып көрдік.

Кинонарықтағы тырнақалды туындысының басты рөліне – Тәуекелді таңдаған Жан Мұқанов, Мүсілімді бекітудегі мақсатын түсіндірмек болған еді.

Жан Мұқанов, продюсер:

-Бөтен адам емес. Досым, інім. Бірге бастадық жұмысты... Ммм... Бірге емес. Ол бастаған кезде кеңес беріп, көмектескенімін кезінде.

Сұхбат кезіндегі жалған жауабын бергенін тез аңғарғыш танымалдардың тізімінде Бүркіт те бар. Әңгіме «ән жаздыруға» жұмсалатын қаражат жайында.

Бүркіт, әнші:

-Бір әнді жаздыру үшін мысалы үш миллион теңге керек. Мысалға шамамен... Үш миллион теңге дегеніңіз... Жо-жоқ, өтірік айтамын. Бір миллион теңге.

Айтпақшы, «АБК» тобының белді мүшелеріне де кей кезде жалған сөйлеуге тура келеді. Сұхбаттардың біріндегі кезекті сауал - әйгілі үштіктің балалары арасындағы қарым-қатынасы туралы.

Медеу Арынбаев, әнші:

- Араласады. Хабарласып тұрады. Сыйлайды!

Медеу мырза ақиқатты айтпаған секілді. Өйткені, Арынбаевтың ұлы әкесінің сөзін жоққа шығарды.

Дәулет Арынбаев, М. Арынбаевтың ұлы:

-Онша араласпаймын. Ол Астанада, мен Алматыда. Кішкентай кезде ғана дос болғанбыз. Қазір араласпаймыз!

Қайрат Нұртас әр қадамын аңдып басады. Таяуда алғаш рет жанды дауысты концерт өткізген хитмен, Алматыдағы ән кешіне санаулы сағат қана дайындалған. Қысқа мерзімдегі әзірлігін айтып, камера алдында масаттанып алуды жөн санаған секілді.

Қайрат Нұртас, әнші:

-«Сезім жүйем өте жақсы жұмыс істейді» - деп мақтанып қойсаң да!