ДиКаприо сынды, «үздік гример» ретінде Оскар марапатын жеңіп алған Марк Кульер болса, кезекті еңбегін көрсетуге әзір. Голливудтық шебер, Ақан Сатаев таспалаған отандық «Елбасы жолы. Астана» картинасына әрлеуші ретінде өз үлесін қосқан еді. Енді, міне су жаңа туынды санаулы күндердең соң, көрерменге жол тартпақ!
Биографиялық лентаның сюжет желісіне – 1994 жылы ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған маңызды шешімге байланысты оқиғалар негіз болған. Картина желтоқсанның 16-нан бастап үлкен экрандардан көрсетілмек.