Продюсер әрі актриса Құралай Анарбекова да ыстығы басылмаған «Брат или брак-2» картинасын ел назарына ұсынуға әзір! Бұл жолы өнерлі бикеш – аяғы ауыр арудың образын сомадайды.
Ал, қайын ағаларынан түрлі қысым көрген оның күйеуі, психологиялық дерт - «жүктілік синдромына» шалдыққан көрінеді. Енді, аталмыш жұп отбасылық өмірдің қызықты сәттерін бірге өткермек.
Кұралай Анарбекова, продюсер, актриса:
-«Брат или брат» лентасының алғашқы бөлімі көптің көңілінен шыққан туынды. Сондықтан, кезекті картинаны одан да қызықты етіп түсіру міндетіміз болды. Халыққа ұнайды деген үміттемін.
Комедияның жалғасында көрермен «өз-өзін тым жақсы көретін кейіпкер» – Марсельді де тамашалай алады. Алайда, жаңа хикаяда ол Гоханың жүрегін жаулауға емес, өзге сұлуды жолықтыруға ниетті! Су жаңа лента келер жылдың көктемінде үлкен экранға жол тартпақ