«Самая вышка» әнімен миллиондардың жүрегін жаулаған жігіттердің бүгінде өмірі күрт өзгерген. Барған жерде құшақ жая қарсы алған халық, тыңдармандар қошеметі. Тіпті, осы жылы өткен марапаттардың барлығында Райым мен Артурдың қанжығасы бос қайтпаған.
Raim & Artur, рэп орындаушылар:
-«Муззоннан» 2 премия алдық, «Star of Asia», сосын «Жыл таңдауынан» 2-еу алдық.
Иә, «Самая вышка» жарыққа шыққалы бұл жігіттердің жұлдызы жанды. Бастапқыда Нұртас Адамбайдың «Я жених» комедиясына саундтрек ретінде таңдалған туынды, өнерпаздардың атағын аспандатқаны рас. Шоу-бизнес әлеміне қадам басқанша ағылшын тілінде сабақ берген Райым, кейін мамандығы бойынша жұмыс істеуден бас тартыпты.
Raim & Artur, рэп орындаушылар:
-Жарты жылдай сабақ бердім. Содан кейін музыкамен айналысып кеттім. Себебі мен сол кездері музыкамен қатар айналысып жүргенмін. Сондықтан маған мұғалім болу ыңғайсыз болды.
Raim & Artur, рэп орындаушылар:
-Өзіміз 2012-жылдан бастап музыкада, өзіміздің көзқарасымыз бар негізі. Соған жайлап-жайлап осылай келдік. Біреу оқумен, біреу осылай сабақ беріп деген сияқты.
Айтпақшы университеттің 2-ші курс студенті Артур, техникалық салада білім алып жүр. Ал Райым ұстаздықтан қол үзгенімен, шәкірттерімен анда-санда кездесіп тұрады екен.
Raim & Artur, рэп орындаушылар:
-Оқушыларыма алдында бір барып қайтқанмын. Көп бармаймын... Себебі уақыт жоқ бізде қазір. Қазірдің өзінде Оралға, үйге де дұрыс бара алмаймыз.
Бүгінде бұл топтың танылмалдығы артып, жұмысы тығыз кестеге түзілгенімен, алғашқыда бозбалаларды ата-аналары бірден қолдай қоймапты.
Raim & Artur, рэп орындаушылар:
-Ата-анамыз «Самая вышка» шыққаннан кейін, біздер осындай дәрежеге жеткеннен кейін, олар біздерге сенді. Сенімді ақтаған сияқтымыз. Содан кейін ата-анамыздан ешқандай қарсылық жоқ.