Айдай Исаева ана атанды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Екінші мәрте ана атаған «Қазақстан аруы» Айдай Исаева перзентханадан шықты. Бір қызығы, күні кеше сәбиін бауырына басқан бикеш, таяу уақытта спорт залға қайта бет алмақ ниетте екен.

Жас ана мен сәбидің денсаулығы жақсы. Бөбектің бойы - 52 см, салмағы – 3,5 келіні құраған. Кішкентай ханшайымды ата-анасы – Алсу деп атапты.

Мақсат Айдағараев, А. Исаеваның жұбайы:

-Түркі-татар елінен шыққан ат. Егер мағынасын алатын болсақ «әдемі», «көрікті»... Ат қатты ұнады. Мағынасы да қатты ұнады. Сондай шешім қабылдадық. Үйдегі үлкендермен ақылдасып, олардың рұқсатын да сұрадық.

Алсу – бұл жанұяның екінші перзенті. Ал, Айдайдың тұңғышы – Әл-Фараби үш жастан асыпты. Қарындасты болған балақайдың қуанышында шек жоқ.

Айдай Исаева, бизнесвумен:

-Ішің байқалады ғой. Сол кезде өзі ұстап, мама бұл не деп сұрайды. Бұл сенің қарындасың деп айтасың ғой. Сол кезде ол түсіне бастады. Сол кезде бір ара-қатынас пайда бола бастады.

«Қазақстан аруының» қуанышына ортақтасып келген құрбылары, Айдайдың қиын кезде қолдап, өмірде ақылшы бола білетінін айтады.

Салтанат Бекжігітова, тележүргізуші:

-Бірінші кезекте мен Айдайдан кеңес сұраймын. Өйткені ол тәжірибесі мол ана емес, сонымен қатар ол дәрігер болып келеді.

Иә, жеті жылын медицинаға арнаған Айдай, сырлас-достарының балаларына да дер кезінде көмек көрсетеді екен.

Айгерім Мырзагереева, тележүргізуші:

-Тамақ ауырып қалса немесе бала кішкентай кезінде іші ауырады. Ондай уақыттар көп болады. Қандай дәрілер бересің, анау-мынау деп сұрайтынбыз.

2013-ші жылы елміздегі сұлулар сайысында топ жарған Айдай, әрдайым дене сымбатын естен шығарған емес. Екінші мәрте ана атанған бикеш, жақында жаттығу залына баруды жоспарлап қойған.

Айдай Исаева, бизнесвумен:

-Бір-екі айдан кейін ин ша Алла, спортпен айналысамыз!