Есесіне, нағыз шоу ұйымдастыруда «Dior» бренді алда тұр! Әйгілі марка күншығыс елінің астанасы – Токио шаһарында кезекті топтамасын ұсынды. Су жаңа үлгілер – ерлерге арналған киімдерден құралған.
Кибер-шик стилінде көзтартар образдар әзірлеген Ким Джонс, ғылыми фантастикалық картиналардан шабыт алғандай. Тіпті, болашаққа ұмтылған шебердің топтамасын таныстыру локациясы да өзгешелеу. Сәнгердің пікірінше, Жапония елі - заманауи технологиялардың отаны саналады. Ал, үлгілердегі жаңалық – түрлі пішімдегі ерекше сөмкелер болды.