Том Хардидің «Веном» картинасы тапқан қаржысымен рекорд орнатуда. Фантастикалық лента, тіпті Марвелдің ақшалай кірісі мол туындыларының алдын орап кеткен.
«Веном» әлем бойынша 780 млн долларға кенеліп, тарихтағы табысты ленталар тізімінде 84-ші орынға жайғасты. Бұл - фильм қоржынына прокаттағы 2 айда түскен ақша. АҚШ пен Қытай елі бірігіп таспалаған туынды, зұлым күшке ие симбиот жайлы.
«Веном» келешекте де өз жалғасын табады деп күтілуде. Фильмнің екінші бөлімі Карнаж есімді жаңа кейіпкердің қатысумен өрбімек. Ол Том Хардидің жауына айналады. Енді қара ниетті құбыжықтардың шайқасы жайлы xикаяны, келер жылы «Sony» компаниясы қолға алмақ.