Пэрис Хилтоннның көп күткен ұлан асыр тойы өтпейтін болды. Өйткені, танымал жұлдыз, сүйіктісі Крис Зилкамен ат құйрығын үзіскен. Ғашықтардың мұндай шешімге келуіне не себеп?
Пэрис Хилтон мен Крис Зилка қараша айына жоспарлаған үйлену тойын, тығыз жұмыс кестесіне бола, келер жылдың жазына қалдырған еді. Екі жылдан бері көңіл жарастырып келген ғашықтар, енді отау құрмаймыз деп шешіпті. Оған себеп, Пэрис пен Кристың арасындағы келіспеушілік пен бір-біріне деген сезімінің сөнуі дейді инсайдердер.
Ченнинг Татумның көңіл қосқан сұлуы Джесси Джей, бала сүйе алмайтынын айтып ағынан жарылды. 30 жастағы әнші бедеулікке ұшыраған көрінеді. Лондонда өткен концертінде тыңдармандарына дәл осындай құпиясымен бөліскен Джесси, болашақта бала асырап алуға да қарсы емеспін дейді.
Патша әулетінің келіні – Меган Маркл жайлы кітап жарыққа шықпақ. Биографиялық туындыны, Меганның туған әпкесі Саманта Грант жазбақ ниетте. 53 жасқа келген Саманта, «Герцогиняның көлеңкесінде» атты шығармасында, Гарри ханзадасының жұбайы жайлы ел білмейтін деректермен бөліспек. Алайда, Маркл ханшайым арасы суыған туған туыстарымен араласуға құлықсыз.