«Дэдпул» үлкен экрандарға қайта оралады! Жаңа жылдық мереке қарсаңында, бұзақы кейіпкер енді өзін тәртіпке салмақ. Киногерлер «Дэдпулдың» бұл жаңа нұсқасын, кішкентай көрермендер үшін дайындапты.
Комедия түпнұсқа фильмнің екінші бөлімі барысында таспаланып қойған. «Fox» кинокомпаниясы ұсынған жаңа жылдық нұсқада, Дэдпул өзіне Фрэд есімді жаңа дос тауып, кішкентай балақайлардың көңілін көтеру үшін қызмет етеді.
Лентадан түскен қаражат, рак ауруына шалдыққан балалардың еміне жұмсалады. Бұл жоба авторларының – жаңа жылдық мерекеге арналған сыйы. Картинаны отандық көрермен 3-қаңтардан бастап тамашалай алмақ.