Мұндай романтика келешекте сәнбике Айлин Елеукеннің отбасылы өмірінде де жиі болады деген үміттенеміз. Танымал ару ерінің етегінен ұстап, ақ келін атанды.
Еске салсақ, Айлин Бүркіттің «Логово» картинасында төбе көрсетіп, елге танылған еді. Актриса ретінде негізгі рөлдердің бірін сол фильмде сомдаса да, Айлиннің тойына Бүркіт қатыспады.
Қуанышты сәтін танымал ару Әзірбайжан астанасы - Бакуде атап өтуді жөн көріпті. Бизнесменге тұрмысқа шыққан ол, тойда екі бірдей көйлек киген.
Бірін Ресейден арнайы алдырса, екіншісін отандық «Аруназ» сән үйінің иегері – Назым Қарпықова тігіп берген. Шебер Айлинге бір-ақ рет өлшем жасап, ойындағы көйлегін даярлаған.
Шаңырақ көтеру салтанатының бүге-шүгесіне дейін мән берген Елеукен, той күнін де астролог мамандардың кеңесімен белгілепті. Жаңа отбасылық өмірге қадам басқан Айлин, енді жұбайымен бірге Қарағандыда тұрмақ. Инстажұлдыздың актрисалық мансабына қайта оралуы енді алдағы уақыттың еншісінде.