Еліміздің нәзік жандылары да, олардың Голливудтық құрбылары сынды, «жыл әйелі» атағына әбден лайық. Әйгілі Glamour басылымы өнердегі ең үздік аруды анықтады. Сонымен, мәртебелі марапат биыл кімге бұйырды?
Гламур журналы ұйымдастырған кеште әр салада өнімді еңбек етіп, өзгелерге үлгі болып жүрген арулар бас қосты. Әйгілі басылымның мақсаты да сол – мақтауға тұрарлық әйелдерге құрмет көрсету.
Саманта Барри, «Glamour» журналының бас редакторы:
-Мұндағы нәзік жандылардың барлығына ортақ қасиет бар. Мәселен, олар әділеттілік қағидаларының кіршіксіз болуын талап етеді. Және тек өзінің ғана емес, өзгенің де игілігі үшін жанкештілікке баруға дайын.
Биыл ерекше мәртебеге актриса Виола Дэвис, әнші Жанель Монэ, сәнбике Крисси Тейген мен АҚШ сенаторы Камала Харрис лайықты деп танылған.
Крисси Тейген, сәнбике:
-Әрбір нәзік жанды мына әлемді жақсы жақа өзгерте алады. Бұл жылы да әйелдер құрметке лайықты, батыл әрі ерекше екенін дәлелдей алды деп ойлаймын. Біз біріксек, талай нәрсеге қол жеткізе аламыз.
Дәл осылай, 38-ші рет өткізіліп отырған салтанатқа келген меймандар «әйел теңдігі» тақырыбын талқыға салуды міндет санағандай. Керек болса, әлі де талай жетістікке жете алатынымызды дәлелдейміз деп тарқасты олар.