«Мистерионстық» жігіттер болса, араға біраз уақыт салып ыстық естелікке толы су жаңа бейнебаян ұсынды. «Аңсама» атты трекке таспаланған туындыда, жігіттердің 10 жыл уақыт ішінде шығармашылық жолда жүріп өткен сәттері көрсетілген.
Дильен, «Мysterions» тобының мүшесі:
-Әрдайым танымал болу, әрдайым хиттер жазу мүмкін емес. Сондықтан, осындай топтарға кішкене демалыс керек. Кішкене ой жиып, кішкене басқа жұмыстармен айналысып.
Үлкен сахнаға қайта оралуды көздеген «Мистерионстықтарға» тыңдармандары қолдауын білдіруде. Ностальгияға бөленген көпшлік, бейнебаян жайлы пікір жазып, жігіттерге қосымша күш-жігер сыйлауда.
-Ән ұнады! Бұл шығармашылықтың соңы емес деп үміттенем. Сіздер қартайған жоқсыңдар ғой. Сондықтан, жаңа бейнебаяндар күтем! Араға қайта оралуларыңмен!