Оңтүстік кореялық бойзбенд ЕХО, бақилық болған поп-патшасы Майкл Джексонға ән арнамақ. Сонымен қатар, K-pop өкілдері жаңа альбомын таныстырып, «Tempo» трегіне бейнеклип те ұсынды.
«Don't Mess Up My Tempo» - ЕХО-ның бесінші үнтаспасы. Барлығы 10 хиттен тұратын әнжинаққа, ұжымның толық құрамы атсалысқан.
Ал су жаңа «Tempo» әніне арналған бейнебаянда, талантты жігіттер түрлі образдарымен қоса, әсерлі билерімен фанаттарын тамсандырды. Ал Майкл Джексонға арналған туындыларын, ЕХО америкалық әнші Джейсон Деруломен бірігіп орындамақ. Тың трек келер жылы жарық көреді.