ГОЛОВКИННІҢ ІЗБАСАРЫ КІМ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шетелдік беделді БАҚ өкілдері болса, қазақ кәсіпқой боксшыларының ішінен «Головкиннің ізбасарын» тапты. Әйгілі ESPN спорттық телеарнасының журналисті Стефан Эспиноза, жеңіліс дәмін татпаған Батыр Жүкембаевты Геннадийге ұқсатқан екен.

6-қазанда Квебек қаласында өткізген соңғы жекпе-жегінде, Жүкембаев, мексикалық боксшы Патрисио Мореноны жетінші раундта құлатты. Осылайша ол кәсіпқой рингтегі 14-жеңісіне, 12-нокаутына қол жеткізді. Бүгінде Канадада жаттығатын Батырдың болашағына бокс мамандары зор үміт артуда.

***

ESPN журналистінің Батырды әйгілі Голвокинге ұқсатуы да тегін емес. Өйткені екеуінің де жойқын соққысы, тартысты төбелесе білу мәнері бар. Жүкембавтың ендігі мақсаты – АҚШ-тың бокс нарығын бағындыру. Ол қазір IBO -ның халықаралық және WBC-дің Америка құрлығының чемпионы. Батыр өз дивизионындағы үздік 30-боксшының қатарына кіреді.

***

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын Али Ахмедов қазірге дейін 13 айқас өткізіп, 10 нокаут тіркеген. 23 жастағы талантты боксшы BoxRec ретингінде 40-шы орында тұр. WBC-дің жастар арасындағы чемпионы, таяуда ғана мексикалық Джовани Хавьер Гоместі бірінші раундта нокаутпен ұтқан болатын.

***

Екі жылдан астам уақыт кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүрген Мейірім Нұрсұлтанов әзірге жеңіліс дәмін татқан жоқ. Ол 9 жеңісінің 7-еуін уақытынан бұрын аяқтаған. Қазіргі таңда ол әлемдегі орта салмақтың өкілдері арасында рейтингте 65-ші орында тұр.

***

Головкиннің салмағында айқасқа шығып жүрген Жәнібек Әлімханұлы да 3 жекпе-жек қана өткізсе де, болашағынан зор үміт күттіреді. Ол 3-ші қараша күні АҚШ-тың Эль-Пасо қаласында, 32-жастағы азулы америкалық Вон Александрмен жекпе-жекке шықпақ.

***

Осымен төртінші жекпе-жегін ұтып, 2 нокаутты еншісіне жазған Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов үздік бестікті түйіндеп тұр. «Қазақ найзағайы» атанған отандасымыз осы бетінен таймай, жеңіске жете берсе таяу жылдары чемпион атанары анық.