«Салмақ тастасаң, сахнаға шығасың!» Иә, он жыл бойы бала күтімімен үйде отырған Зарина Омарованың, өнерге қайта оралуы ұзақ хикая іспеттес. Осыдан бірнеше жыл бұрын дене сымбатына көңіл бөлуін өтінген жұбайы, 2 баланың анасына дәл осындай талап қойыпты.
Зарина артық салмақтан арылмағанда, сахнаға қайта оралмас еді. Осыдан екі жарым жыл бұрын жолдасының қойған қатаң талабы, әнші бикештің 20 келіге дейін арықтауына түркті болған.
Зарина Омарова, әнші:
-Жолдасымның кішкене қысылып жүргенін байқадым. Соны байқағаннан кейін стимул болды мен үшін. Өз-өзіме келу үшін. Сосын жолдасым айтты сен өз-өзіңе келсең, мен бәрін жасаймын. Сахнаға шығасың деді. Сөйтіп мен өз сөзімде тұрдым, ол өз сөзінде тұрды.
Осылайша келіншегінің мінсіз мүсіні отағасының көңілінен шыққан. Ерлі-зайыптылардың құрған жоспары жүзеге асып, шығармашылыққа бет бұрудың жолдары қарастырыла бастайды.
Зарина Омарова, әнші:
-Сөйлесе бер, әндеріңді жасай бер. Мен саған бейнебаян түсіріп беремін деп жаңағы... Сол енді соңғы кезде өзім жан-жақты қарап, бәрін тінтіп деген сияқты. Қалай екен қазіргі шоу-бизнес, қалай екен қазіргі біздің әншілер деп бәрін біліп алғаннан кейін, өзім барлығын жасап жатырмын.
Қазіргі таңда Зарина бар тапқанын өзінің керегіне жаратып жүр. Ал, көлемді жобаларға жұмсалатын қаржы жолдасының мойынында екен. Мәселен, жаңа клипінің бар шығынын, балаларының әкесі көтерген. Ән «Жақсы көремін» деп аталады. Өмірлік жарына арнаған туындысында отағасы бой көрсетуі тиіс болса да, камераны жақтырмайтын жігіт ағасы Омарованың ұсынысынан бас тартқан.
Зарина Омарова, әнші:
-Ең басынан бастап осы ән туылғалы мен айтқанмын: Сен өзің түссең қалай болады деп. Ол жо-жоқ деді. Негізі интервьюде бермейді мүлдем.
Күйеуін көндіре алмаған Зарина, клипіне кәсіби актерды шақырған. Романтикаға толы бейнебаян келер айда жарыққа шығады.