«Рэкетир», «Районы» және «Бизнесмены!» 90-шы жылдардағы ақуалды суреттеуімен ерекшеленген Ақан Сатаев, трилогиясын түйіндеді. Бір қызығы аталған жобалардың үшінші бөлімінде бой көрсеткен актерларға, қаламақы ерекше тәсілмен төленген. Тұсаукесер туралы Серікқазы Аязбаев толығырақ тарқатады...
«Бизнесмены» картинасы – 90-шы жылдардың Қазақстандағы тоқырау кезеңінің көрінісі. Бала кезден тату өскен үш дос, дағдарыста табысқа кенелудің жолын іздеп, алғашқы кәсіпкерлердің біріне айналады.
Сондай-ақ, жаңа туындыдан махаббатты, сатқындық пен өмірдің құндылықтарын табасыз. Бұл фильмдегі негізгі кейіпкерлерді сомдауға Асқар Ілиясов, Рәсім Жубаев және Шәріп Серік сынды актерлар таңдалған.
-Шәріп, қолжетімді актер ма, әлде қымбет актер ма?
Шәріп Серік, актер: -Енді қымбаттау боламын! Бірақ, дегенмен де мен голливудтық актерлар сияқты гонорарым миллиондаған емес.
-Қанша алдың?
Шәріп Серік, актер: -Ойй, есімнен шығып кетті. Нөлі көп ана жерде.
-Бір жылқы – 500 мың деп алайық. Қанша жылқы алдың?
Шәріп Серік, актер: -Бір... үйір!
-Фильмде бұзық, қызқұмар жігітті ойнайсың. Өмірде қаншалықты кейіпкер Шәріпке жақын?
Шәріп Серік, актер: -Енді мұндай болған да шығар өмірде. Шыны керек, алдамай-ақ қояйын.
«Бизнесмены» картинасына жұмсалған бюджет 500 мың долларды құрайды. Түсірілім тобына атақты кәсіпкерлердің өзі қаржылай қолдау көрсетіпті. Десек те, «біткен іске сыншы көп!» Тың туындыны тамашалаған алғашқы көрермендер әділ бағасын беруге асық!
-Фильмді көрдіңіз! Көкейге не түйдіңіз?
- Ең бастысы адам ақшаны емес, достықты, отбасы, махаббатты бағалау керек екенін түсіндім.
-95-жылы шығып жатқан әндер, 93-жылдары айтылып жатыр ол жерде. Бірақ ол шағын ғана кемшілік.
-Сындар да айтылып жатыр! Қалай қабылдадыңыз?
Ақан Сатаев, режиссер: -Әрине, конструктивті сынға келісеміз. Оны келесі жұмыстарымызға қару ретінде қолданамыз!