Қазақстандық әріптестерінен қалыспай, адуынды ару Ники Минаж да Тайгамен қосылды! Бірақ, әзірше қос орындаушыны тек шығармашылық байланыстырады. Өнерпаздар «Dip» синглына су жаңа бейнебаян ұсынған.
Аталмыш туындыны таспалауға рэперлер қалтасын аса жұқартқысы келмегендей. Бейнеклип тек бір ғана локацияда түсірілген. Ал, Ники Минаж болса, бұл дуэтты ұзақ күткен сыңайлы. Оны әншінің жаңа жұмысын әлеуметтік желілерде тынымсыз жарнамалауынан байқауға болады.