Ең табысты әнші Джастин Бибер, соңғы кездері алқам-салқам болып көзге қораш көрініп жүрген-ді. Енді міне, өз-өзіне күтім жасап, тіпті имиджін өзгертуге кіріскен.
Джастин Бибердің бүгінде шығармашылығы емес, жеке өмірі қызу талқыға түсіп жүр. Жанкүйерлердің пікірінше, әнші Хейли Болдуинмен қосылғалы бері, өзіне қарауды мүлде қойған. Тіпті, көшеде халатпен бір-екі рет көзге түскені бар. Ұйқысынан оянса керек, сері енді шашын қидырып, сырт келбетін қолға алғандай. Бұл жаңалық табынушыларын қуантып тастады.
***
Танымал сәнбике Белла Хадид болса, сүйіктісі The Weeknd-пен тұрмыс құрмаса да, бірге тұруға келісіпті. Музыкант ғашығын өзінің Нью-Йорк қаласындағы пәтеріне қоныс аударуын өтінген. Осылайша жұлдыздар қарым-қатынастарын нығайта түспек ниетте.
***
Актер Сильвестр Сталлоне болса, «арулардың ар-намысы таптады» деген айыптан құтылды. «Рокки» фильмімен танылған жұлдыздың үстінен, сонау 1986-жылғы оқиғаға қатысты іс қозғалған еді. Аты-жөнін жұмбақ сақтаған белгісіз бикеш, өнер иесіне «өзін зорлады» деп кінә тағады Алайда, Лос-Анджелес қаласының соты, актерға қарсы ешқандай айғақ таппай істі жапты.